title
stringlengths
1
135
text
stringlengths
200
213k
Архей
Архей (археозой) — прекембрийдің үш бөлімшесінің ортаңғысы (осыдан 4-2,5 млрд ж. бұрын). Қазіргі кезде архей ресми түрде эон болып табылады. «Архей» терминін 1872 ж. америкалық геолог Джеймс Дана ұсынған. Жержылнамалық шкалаға сәйкес, архей эоны төрт эраға жіктеледі, олар: *еоархей (4500-3600 млн жыл бұрын), *палеоархе...
Бор кезеңі
Бор кезеңі – мезозой заманына кіретін үш кезеңнің үшіншісі. 145,5 млн. жыл бұрын басталып 65,5 млн. жыл бұрын аяқталған. Бор кезеңі Англияның Дувр қаласы маңындағы (Ақ Жартас) деген жерде бордың жинақталуымен және көптеген омыртқалы мен омыртқасыздардың, оның ішінде динозавр, мозазавр, ихтиозавр және плезиозаврлардың ж...
Жапония
Жапония (, аударғанда «Күншығыс елі», ресми атауы ) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км 2 . Халық саны 126 млн. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні ...
Прекембрий
Прекембрий — фанерозой алдындағы хадей, архей, протерозой деген үш эонды сипаттайтын қазіргі кезде бейресми түрде ғана қолданылатын атау. Бұл ең ұзақ геологиялық уақыт Жер қабығы қатайған кезінен басталып 542 млн. жыл бұрын кембрий кезеңі басталған кезде аяқталады. Геологиялық уақыттың осы кезеңге жататын тау жыныстары...
Триас дәуірі
Триас (trіas) (үштік, орталығы Еуропаның геологиялық қимасындағы үш түрлі қабаттың біріктірілуіне байланысты аталған) – мезозой эратемасының ең төменгі тау жыныстары қабаттары және олардың жиылған уақыты (251-199,6 млн жыл). Триас (грек. Ӏгіаз — үштік) — "триас жүйесі" және "триас кезеңі" терминдерінің қысқаша атауы. Ж...
Мысыр
Мысыр ( – Mir; масрише: ), ресми түрде Мысыр Араб Республикасы — Африка құрылығының солтүстік-шығысын және Азиядағы Синай түбегін алып жатыр. Географиясы Бүгінгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрлықтың арасындағы шекара Суэц к...
Юра кезеңі
Юра жүйесі немесе Юра кезеңі — мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің бірі. Триас пен бор арасында орналасқан юра кезеңі осыдан 199,6 млн жылдан 145,5 млн жылға дейін созылады. Ең кең тараған тау жыныстары саз балшық, ізбесті құмдақ және әктас болып, юра кезеңі 11 ярусқа бөлінеді (геттанг, синемюр, плинсбах, тоар, аален,...
Геохронология шәкілі
Геохронологиялық шкала (Жер жылнамасы) – жалпы стратиграфиялық шкаланың бірліктеріне тең келетін геохронологиялық бөлімшелердің иерархиялық жүйесі. Шкаланың бастапқы нұсқасы 1881—1900 жылдары Халықаралық геологиялық конгрестің отырыстарында жасасып қабылданды. Геологиялық кезеңдердің аттарын қоюға әртүрлі себептер негі...
Ордовик кезеңі
Ордовик кезеңі ( – Англиядағы Уэльс аралын мекендеген байырғы тайпалардың атынан шыққан) – палеозой эратемасының төменнен санағанда екінші жүйесі; стратиграфия (геохронология) шкаласында кембрий мен силур арасындағы жыныстар жүйесі және олардың жаралуына сәйкес тарихи кезең. Палеозой эрасының ұзақтығы 67 млн. жылмен өл...
Фанерозой
Фанерозой – палеозой, мезозой және кайнозой замандарын қамтитын геологиялық эон. Шамамен 542 млн. жыл бұрын кембрий кезеңінің басында басталған.Жер тарихы дамуының криптозойдан кейінгі екінші даму зоны. Бұл жиынтыққа кіретін таужыныстардың көнелігі өздері кіріктіретін органикалық қалдықтар арқылы біршама дәл анықталады...
Грекия
Грекия немесе Юнанстан ( , ежелде — ), ресми — Грек Республикасы немесе Юнан Республикасы — Еуропа оңтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Солтүстік Македониямен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, бат...
Мажарстан
Мажарстан ( : аударғанда – «Мажарлар елі (magyarok, модьярок)»), 1989—2011 жылдардағы ресми атауы — Мажар Республикасы — Eуропаның орталығында oрналасқан мемлекет. Географиясы Мажарстан Альпі, Карпат және Динар тауларының аралығында орналасқан. Жерінің тең жартысын Үлкен Орта Дунай ойпаты алып жатыр. Мажарстанның басты...
Латвия
Латвия , ресми атауы — Латвия Республикасы — Еуропаның солтүстік-шығысында, Балтық теңiзi жағалауындағы мемлекет. Ол Эстония, Литва, Ресей, Беларусь және теңіз арқылы Швециямен шекаралас. Жер аумағы – 64,589 мың км². Халқы – 1 865 452 адам. Мемлекет қоңыржай белдеуде орналасқан. Астанасы – Рига қаласы. Мемлекеттік тiлi...
Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ, ) — Қазақстанда футбол додалары мен біріншіліктерін ұйымдастыратын мемлекеттік ұйым. Ол Қазақстан Премьер Лигасы және Қазақстан Кубогы сияқты додалар мен Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы ойындарын ұйымдастырады. Бұрынғы атаулары * Қазақстан Республикасы футбол қауымдастығы (1992–2000)...
Атырау (футбол клубы)
Атырау Футбол Клубы (Атырау ФК) — Қазақстан Премьер Лигасында өнер көрсететін Атырау қаласының кәсіби футбол клубы. Формасының түсі - ақшыл жасыл. Атырау қаласының "Мұнайшы" стадионы клубтың базасы боп саналады. 2009 жылғы Қазақстан Кубогының иегері. Қазақстан чемпионатында екі рет күміс жүлдегер атанды: 2001, 2003. Ос...
Атырау (айрық)
Атырау: * Атырау — өзеннің теңізге құяр тұсында тармақ-тармақ болып бөлініп кететін салалары * Атырау қаласы — Қазақстанның батысында орналасқан қала. Облыс орталығы. * Атырау — Атырау қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл. * Атырау — Атырау қаласы атынан өнер көрсететін футбол клубы. * Атырау — Атырау қаласындағы әуежай. ...
Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы
Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесі ( / Shinjang Uyghur Aptonom Rayoni; . Қысқаша ШҰАР, Шыңжаң; ; ; поштада: Sinkiang) — Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс өңіріндегі орналасқан автономиялық аумақ әрі жер көлемі бойынша ең ірі әкімшілік аумақтық бөлінісі. Солтүстігінде Алтай таулары арқылы 52 км Ресей Федерациясы...
Шығыс Түркістан
Шығыс Түркістан Республикасы, ШТР – Шыңжаң өлкесінде құрылған мемлекеттік құрылым. 1944 жылдың 12 қарашасынан 1946 жылдың 6 маусымы аралығында өмір сүрді. Тарихы Екінші дүниежүзілік соғыстағы кеңес-герман майданындағы жағдайға байланысты 1941 – 1944 ж. Шыңжаң өлкесінде саяси жағдай қатты шиеленісті. Өлкеде бірін-бірі м...
Сұлтан Рамазанұлы Жанболатов
Жанболатов, Сұлтан Рамазанұлы (, 苏丹·张波拉托夫) — ғалым, мемлекет және мәдениет қайраткері, жазушы (қалам аты — Асан Шат пен Шөкен). Қысқаша өмірбаяны 1936 ж. қаңтардың 1, ҚХР ШҰАР Шағантоғай ауданының Қаракемер ауылындағы малшы отбасында дүниеге келген, қазақ. 1956 ж. Шинжәң институты физика-математика факултетін, 1961 жыл...
Назарбаев
Назарбаев: * Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (* 1940) * Назарбаев Университеті * Назарбаев ордені * Назарбаев Зияткерлік мектептері * Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева * Сара Алпысқызы Назарбаева (* 1941) ru:Назарбаев
Қасым Қабылхақұлы Қалбанов
Қалбанов Қасым Қабылхақұлы (Hasimu Hapahake, Hasem Habelhah) — Айова қаласының, Америка Құрама Штаттарындағы Медициналық зерттеу орталығының ассистент-профессоры, пәлсапа докторы. Қысқаша өмірбаяны 1983—1990 — Бейжін университеті, бакалаур және магистер деңгейі. 1994—1998 — Хоккайдо университетінің Медиц...
Ұлыбритания
Ұлыбритания , немесе Біріккен Патшалық (, қысқартылған: ), толық ресми аталуы — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығы — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын...
Албания
Албания , толық ресми атауы — Албания Республикасы — Еуропаның оңтүстігінде орналасқан шағын мемлекет. Солтүстігінде Черногория және Сербиямен, оңтүстік-шығысында Грекия және Солтүстік Македониямен, шығысында Косовомен шектеседі. Халқы — 2,8 миллион адам. Албания албандардың тұратын жалғыз мемлекет емес, олар Косово жә...
Литва
Литва , ресми атауы Литва Республикасы — Еуропаның солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Географиялық орналасуы Ауданы 65 300 км². Солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 280 км, ал батыстан шығысқа қарай 370 км. Тарихы Литва аумағында ерте кезеңде балтық тайпалары, оның ішінде литвалықтар, курштар, жемайтелер өмір с...
Франция
Франция (, , ресми атауы Француз Республикасы , ) — Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет. Ол жер ауданы жағынан Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар кіреді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы...
Румыния
Румыния — Еуропаның оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 237,5 мың км² , астанасы – Бухарест қаласы. Халқы 19 млн-нан астам. Ресми тілі – румын тілі. Мемлекет басшысы – президент. Үкімет басшысы–премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Әкімшілік жағынан 40 уезге бөлін...
Словакия
Словакия , ресми атауы — Словак Республикасы — Орталық Еуропадағы мемлекет. Халық саны 5 443 120 адам (желтоқсан 2017 ж.), аумағы 48 845 км². Халық саны бойынша әлемде 112-ші орынды, аумағы бойынша 127-орынды алады. Астанасы - Братислава. Мемлекеттік тіл - словак тілі. Унитарлы мемлекет, парламенттік республика. 2020 ж...
Чехия
Чехия (, ХФӘ: , ресми атауы — Чехия Республикасы (2016 жылдан бұрын Чех Республикасы) (аббревиатурасы — ЧР); (аббревиатурасы — ČR), ХФӘ: ) — Орталық Еуропада мұхитқа шыға алмайтын, оңтүстікте Австриямен, батыста Германиямен, солтүстік-шығыста Польшамен және оңтүстік-шығыста Словакиямен шектесетін ел. Чех Республикасы 7...
Монако
Монако , ресми атауы — Монако кінәздігі — Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізінің жағалауына орналасқан шағын мемлекет. Жер аумағы 1950 км 2 . Халқы 39 мың (2001). Этностық құрамының 47%-ын француздар, 16%-ын италиялықтар, 16%-ын монаколықтар (байырғы тұрғындары), т.б. құрайды. Монако 4 шағын қала-округтерден: Монако-Виль...
Сауд Арабиясы
Сауд Арабия патшалығы ( әл-Мәмләка әл-'Арабия ас-Су’удия ) — Араб түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Иордания, Ирак және Кувейт, шығысында Катар және Біріккен Араб Әмірліктері, оңтүстік-шығысында Оман, оңтүстігінде Йеменмен шектеседі. Солтүстік-шығысында Парсы шығанағы, батысында Қызыл теңізбен қоршалып жатыр...
Біріккен Араб Әмірліктері
Біріккен Араб Әмірліктері ( [әл-Имарат әл-Арабия әл-Муттахида], ), аббр. БАӘ — солтүстік-шығыстағы Арабия түбегінде Таяу шығыста орналасқан мемлекет. Катармен, Сауд Арабиясымен, Оман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады. БАӘ-бұл жеті Ара...
Израиль
Израиль (, ), ресми — Израиль мемлекеті ( Мединат Исраэль, Даулят Исра’иль) — Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр. Георафиялық орналасуы бойынша мемлекет Азияның оңтүстік-батысында орналасқан. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылғы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу жөніндегі шешімі бойынша берілген жер көлемі 14 мың км...
Корея Республикасы
Корея Республикасы ( Тэханмингук), бұрын Корей Республикасы деп аталған, ресми бекітілген қысқартылған атауы Корея ( Хангук немесе Тэхан, таңғы балғындық елі) — Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азиядағы мемлекет. Астанасы — Сеул. БАҚ өкілдері жиі қолданатын, мемлекеттің бейресми атауы — Оңтүстік Корея. Корей мемлекетті...
Филиппин
Филиппин (, ), ресми атауы — Филиппин Республикасы (, ) — Оңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. Тынық мұхиттағы Индонезия мен Тайвань арасында орналасқан көптеген аралдардан тұрады. Халқы 114 млн. Экономикасы Артықшылықтары: шетелдің инвесторларға ашық. Ауыл шаруашылығы өнімділігінің өсуі. Банан мен ананас экспорты. Шетелд...
Пәкістан
Пәкістан ( , немесе ), толық атауы— Пәкістан Ислам Республикасы ( Ислами Джумхурийе Пакистан, ) — Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Жер аумағы — 803,9 мың км². Халқы 223,34 млн (2017). Жергілікті тұрғындары пенджабтықтар, пуштундар, синдхилер, белуджилер. Ресми тілі — урду. Мемлекеттік діні — сунни ислам. Астанасы — Исламаба...
Вьетнам
Вьетнам, толық атауы Вьетнам Социалистік Республикасы — Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан социалистік мемлекет. Сонау оңтүстік-шығыстағы Вьетнам жері – Оңтүстік Қытай теңізі атты шалқар айдын жағалауын қуалай 1750 километрге созылған, тауқұзды және қалың ну ормандар өңірі болып келеді. Вьетнамдықтар өз елін Бакбо (...
Ливан
Ливан (, Любнан), ресми атауы Ливан Республикасы (; әл-Джумхурийя әл-Любнанийя) — Батыс Азиядағы, Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы мемлекет. Жер аумағы 10,4 мың км². Халқы — 3,6 млн. (2003). Астанасы — Бейрут қаласы Негізгі халқы — арабтар (93%), армяндар (6%), түріктер, күрдтер де мекендейді. Халқының негізгі бөл...
Оман
Оман , толық атауы Оман сұлтандығы — Араб түбегінің шығысында орналасқан мемлекет.,;; Жер аумағы 312 мың км² (шекаралары шөлдер арқылы өтетіндіктен нақты белгіленбеген). Халқы 2,4 млн. (1998), 80%-ын арабтар, қалған бөлігін үнділер, парсылар, белуджалар, Африка елдерінен шыққандар құрайды. Халқының 87,7%-ы мұсылмандар,...
Марокко
Марокко ( — әл-Мағриб — «батыс», Мағриб әл-Акса — «алыс батыс», Мағриб деп аталады) — Мағриб патшалығы, әл-Мәмләкә әл-Мағрибия Солтүстік-Батыс Африкадағы мемлекет. Толық ресми атауы — Мағриб Патшалығы ( — әл-Мәмләкә әл-Мағрибия). Араб тілінен аударғанда Мағриб - батыс, яғни, "Батыс Патшалығы" (бұл Арабтардың батыстағы ...
Алжир
Алжир ( әл-Джазаир), толық атауы Алжир Халық Демократиялық Республикасы ( әл-Джумхурия әл-Джазаирия ад-Димукратия аш-Шаабия) — Жерорта теңізінің батыс жағалауында орналасқан Солтүстік Африка мемлекеті. Жер көлемі жағынан Африкадағы ең ірі мемлекеттердің қатарына кіреді. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігін...
Чад
Чад (, ), толық атауы Чад Республикасы ( французша: République du Tchad, , Jumhūriyyat Tshād) — Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Нджамена. Ашық мұхитпен шектеспейді. Батысында Нигер, Нигерия, Камерун, оңтүстігінде Орталық Африка Республикасы, шығысында Судан және солтүстігінде Ливиямен шектеседі. Халқы ...
Мавритания
Мавритания ( – «әл-Муритания» ), толық атауы Мавритания Ислам Республикасы ( – «әл-Джумхурия әл-Исламия әл-Муритания») — Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,03 млн км². Халқы - 3 359 185 адам (2012 ж.). Негізгі тұрғындары маврлар (80%), оған қоса волоф, тукепер, зенага сонинк, т.б. халықтар тұрады. Астанасы — Нуакш...
Боже, Царя храни
Боже, Царя храни (Құдайым, патшаны сақта) — Ресей империясының әнұраны. Боже, царя храни! Сильный, державный, Царствуй на славу нам, Царствуй на страх врагам, Царь православный. Боже, царя храни! Боже, Царя храни! Славному долги дни Дай на земли! Гордых смирителю: Слабых хранителю, Всех утешителю — Все ниспошли! Первод...
Кембрий кезеңі
Кембрий (лат. Cambrіa) – Жердің геология тарихындағы палеозой эрасының бірінші кезеңі және сол кезеңде түзілген жыныстар қабатының жүйесі. Кембрий кезеңінің радиометриялық әдіспен анықталған ұзақтығы 65 млн. жыл. Ол бұдан 570 млн. жыл бұрын протерозойдан кейін басталып ордовик кезеңіне дейін созылған. Кембрий кезеңіне ...
Силур кезеңі
Силур – палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің үшіншісі (443,7-416 млн. жыл). Силур кезеңінің аяғы өз шыңына жеткен каледон орогенезі мен палеозойдағы бірнеше шөгінді бассейннің толтырылуымен белгіленеді. Силур жүйесі Палеозой бірлестігіне қарасты төменнен санағанда үшінші жүйе; екі бөлімге (төменгі және жоғарғы), төр...
Девон кезеңі
Девон — палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің төртіншісі және үстіңгі палеозой субзаманының алғашқысы. 416 млн жыл бұрын басталып, 359,2 млн жыл бұрын аяқталған. Еуропада теңіздік пен құрылықтық фацияларының екеуі де бар. Құрылықтық фациясы кәрі қызыл құмдақ деген атымен белгілі. Девон деген жерде орналасқан тау жаны...
Карбон кезеңі
Карбон немесе Тас көмір жүйесі — палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің бесіншісі, палеозой эратемасының пермьнен кейінгі, девонның алдыңғы кезеңі. Ұзақтығы 60,2 млн. жылды қамтиды, 359,2 млн. жыл бұрын басталып, 299 млн. жыл бұрын аяқталған. Тас Көмір Жүйесін қазіргі көлемінде 1839 ж. ағылшын геологтары А.Седжвик (17...
Перм кезеңі
Перм — орталық Ресейдегі Перм деген өңірінің атымен аталған палеозой заманының ең соңғы кезеңі (299-251 млн жыл). Бұл кезең солтүстік жартышардағы кең тараған құрылықтық жағдайлармен және оңтүстік жартышардағы мұзданудың байтақ сипатымен жиі белгіленеді. Көптеген хайуанат пен өсімдік топтары, оның ішінде ругозды коралд...
Палеоген кезеңі
Палеоген – бордың алдында, неогеннен кейін келетін 65,5-32,03 млн жыл аралығындағы кайнозой заманын құрайтын екі кезеңнің алғашқысы (Халықаралық стратиграфия комиссиясы, 2004). Палеоген кезеңі палеосен, еосен және олигосен дәуірлеріне бөлінеді. ПАЛЕОГЕН палеоген дәуірі, палеоген кезеңі (палео… және грек. genos – тегі, ...
Неоген кезеңі
Неоген кезеңі - кайнозой эрасының ұзақтығы 24,6 млн. жылмен өлшенетін екінші (ортаңғы) геологиялық кезеңі. Бұдан 23 — 1,6 млн. жылдар бұрынғы уақыт аралығын қамтыған. Неогенген терминін австрия ғалымы М.Гернес енгізген (1853). Неоген миоцен және плиоцен бөлімдеріне жіктеледі. Миоценнің төм. және ортаңғы бөлімдері теңіз...
Қазақстан премьер-министрі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан үкімет басшысы. Премьер-министр өкілеттіктерінің қатарына атқарушы органдардың жүйесін басқару және олардың қызметіне басшылық жасау кіреді. Премьер-министр өзінің бүкіл қызметінде президенттің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламенттің ал...
Адай
Адай — Алшын тайпасынан тарайтын 18 рудың бірі, Байұлы рулар бірлестігіне кіреді. Қазіргі Адайлар Қазақстанның көбінесе Маңғыстау облысында, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Алматы және еліміздің басқа облыстарында мекендейді. Түрікменстанның Балқан және Дайоғыз велаяттарында, Қарақалпақстанда, Иранның солтүстігінд...
Алтай тілдері
Алтай тілдері — Азия және Шығыс Еуропада, Балқаннан Мағадан облысына дейін және Таймырдан Иран және Рюкю аралдарына дейін таралған, 60-қа жуық тілден тұратын ұя. Алтай тілдерінде сөйлейтін халық саны шамамен 380 млн адам (2004 ж. санақ бойынша). Құрайтын бұтақтарының генетикалық туыстығы дәлелденбеген: кейбір ғалымдард...
ҚазСат-1
KazSat-1 — Жер айналымында тұрақты жайғасымында (103° E) орнатылған Қазақстанның алғашқы ғарыш жабдығы. 2008 жылы желтоқсанның 2 «Қазсат-1» жер серігі жұмысын толығымен тоқтатқаны туралы Парламент Мәжілісінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат М...
Қала
, 9-шы мен 12-ші ғасырлардағы Еуропадағы ең үлкен және ең бай қала]] Қала, шаһар — тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар ауданы, Өнеркәсіп ауданы, Сауда ауданы, кейбірінде әкімшілік ...
Battlestar Galactica
«Галактика» жұлдыз крейсері — бірнеше филм мен телетоптамалар атауы. Battlestar Galactica 1978 Алғашқыда 1978 ж. шілденің 7 Канада, Еуропа және Аустралия кинодидарларында екі сағаттық филм болып көрсетілген, және де теледидарда 148 мин нұсқасымен шығарылған. Мәтінін Глен Ларсен жазған, режиссері — Ричард Колла. Басты р...
Футбол
Футбол ( — аяқ, ball — доп) — спорттың командалық ойын түрлерінің бірі. Футбол – әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады. Матч сипаттамасы (ер...
УЕФА
УЕФА ( — Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы) — Еуропа мен бірнеше Азия футболының әкімшілік және меңгерушілік ұйымы. Ол Еуропа елдерінің футбол қауымдастықтарын біріктіреді. УЕФА барлық Еуропаның клубтық және кұрама жарыстарының ұйымдастырушысы. УЕФА - ФИФА ұжымына кіретін 6 континенттік аймақтың бірі және ең ба...
Олжашы батыр Бәйбөріұлы
Бәйбөріұлы Олжашы батыр (16 ғасырдың аяғы — 17 ғасырдың басы) Олжашы Орта жүз Арғын тайпасының ішінде Қаракесек руынан шыққан азамат еді. Қаракесектің Ақша деген баласы болған. Оның баласы Бошан. Оның баласы Бәйбөрі. Бәйбөрінің екінші баласы Олжашы батыр еді. Есім ханның тұсында 1627 жылы: «Хан Тұрсынды ант ұрсын», деп...
Америка Самоасы
Америка Самоасы ; бұрынғы атауы — Шығыс Самоа — АҚШ құрамына кірмейтін беймуниципалді, ұйымдастырылмаған, тәуелді аймақ. Тынық мұхитының шығыс бөлігінде орналасқан. 2010 жылғы мәліметтер бойынша халық саны 55 519 адамды құрайды. Жер аумағы — 199 км². Тарихы Самоа аралдарына алғашқы адамдар шамамен 3500 жыл бұрын келген...
Аргентина
Аргентина , толық атауы Аргентина Республикасы — Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Территориясы бойынша Бразилиядан кейінгі екінші және халық саны бойынша Бразилия мен Колумбиядан кейінгі үшінші, 24 әкімшілік бірліктен тұратын Оңтүстік Америка штаты: 23 провинция және Буэнос-Айрес федералды астана округі. Ауданы ...
Эритрея
Эритрея, ресми атауы Эритрея мемлекеті — Африканың солт.-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы Қызыл т-дегі 350-ден астам аралдарын қоса есептегенде 125 мың км². Халқы 4,4 млн. (2004). Негізінен тигран (тигринья), тигре, афор, сахо, беджа, билен, кунама, нара, хедареб, рашайда этн. топтарынан және шет елдіктер (3%)...
Канада
Канада ( ; ) — Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет, жер аумағы бойынша дүние жүзіндегі екінші ең ірі мемлекет (Ресейден кейін). Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген Арктикалық архипелагының аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атла...
Черногория
Черногория , Қаратау — Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы, Балқан түбегінің Адрия теңізі жағалауындағы мемлекет. Оңт.-батысында Хорватиямен, солт.-батысында Босния және Герцоговинамен, шығысында Сербиямен, оңт.-шығысында Албаниямен шектеседі. Аум. 13,8 мың км². Астанасы — Подгорица қ. Атауы Елдің Батыс Еуропаның көптеген тілдер...
Гонконг
Арнайы Гонконг әкімшілік ауданы — 1997 жылдың 1 шілдесіне дейін 1,5 ғасырдай Британ империясының отары болып келді, одан бері Қытайдың екі арнайы әкімшілік аймақтарының бірі. Әлемдегі он алтыншы бай қала. Гонконг қала аумағы — 1,104 км², халқы жеті миллион болғандықтан әлемдегі ең халық тығыз орналасқан елді мекен болы...
Шри-Ланка
Шри-Ланка (, ), толық атауы Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы (, ) (1972 жылдың 22 мамырына дейін Цейлон) — Оңтүстік Азиядағы Цейлон аралында орналасқан мемлекет. Британ Достастығы құрамына кіреді. Шығысын Бенгаль шығанағы, оңт-н Үнді мұхиттың ашық айдыны шаяды. Шри-Ланка 1955 жылдан БҰҰ-ға мүше. Халқы Ж...
Болгария
Болгария, Бұлғария , ресми — Болгария Республикасы — Балқан түбегінің шығыс бөлігіндегі мемлекет. Жері 110 мың км². Халқы 7,7 млн. адам (2007). Негізгі халқы болгарлар(85%), бұған қоса түрік, сыған, әрмен, гірек, т.б. ұлттар өкілдері тұрады. Астанасы – София қаласы (1,5 млн.). Халқының көпшілігі православие дінін ұстан...
Иордания
Иордания (, Әл-Урдунн; толық атауы — Иордания Хашимит мәліктігі (, әл-Мамляка әл-Урдуния әл-Хашимия)) — Батыс Азияда орналасқан мемлекет. Жер көл. 91,8 мың км². Халқы 5,4 млн. (1996). Астанасы — Амман қ. (1,6 млн.). Негізгі тұрғындары — арабтар. Бұдан басқа черкестер, шешендер, армяндар тұрады. Ресми тілі — араб тілі. ...
Тунис
Тунис , ресми атауы — Тунис Республикасы (, әл-Джумхуриййа ат-Тунисиййа) — солтүстік Африкадағы, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан мемлекет. Аумағы 163,6 мың км². Халқы 9,3 млн. (2003). Астанасы – Тунис қаласы. Әкімшілік-аумақтық жағынан 20 уәлаятқа бөлінеді. Халқының 98%-ын арабтар мен берберлер, қалған бөлігін...
Танзания
Біріккен Танзания Республикасы ( , немесе ) — Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Ұлттар Достастығының бөлігі. Солтүстігінде Кения мен Уганда, батысында Руанда, Бурунди және Конго Демократиялық Республикасымен, оңтүстігінде Замбия, Малави және Мозамбикпен шектеседі. Үнді мұхиты - шығыс шекарасы. Астанасы - Додома. Ақша...
Тайланд
Тайланд , Тайланд Корольдігі. , 1939 ж. және 1945—1948 жж. дейін Сиам — Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Мьянмамен шекараласқан. Тайланд – жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден кел...
Судан
Судан , толық атауы — Судан Республикасы ( Джумхурийат ас-Судан) — Африканың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан (2,5 млн. км²) Африкада 1-орын, әлемде 10-орында. Халқы – 40,2 млн. (2004) адам. Халқының жартысына жуығын арабтар, қалғандарын нубийлер, бежалар, динкалар, нуэрлер, шиллуктер, т.б. х...
Сомали
Сомали (, эс-Сумаль), ресми атауы — Сомали Федератиті Республикасы — Африканың солтүстік-шығысындағы Сомали түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 637,7 мың км2. Халқы 16 186 504 адам (2005). Астанасы – Могадишо қаласы Халқының 98%-ға жуығы сомалиліктер, олардан басқа арабтар, суахилиліктер, италиялықтар, үнділер, а...
Польша
Польша , ресми атауы — Польша Республикасы — Орталық Еуропадағы мемлекет. Жер аумағы — 312,7 мың км². Халқы 37,8 млн. Халқының басым бөлігі поляктар (97,1%), қалғандары немістер (1,3%), беларустар (0,6%), украиндар (0,5%), т.б. Ресми тілі — поляк тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің католик, солтүстік аудандандары...
Мори Қазақ автономиялық ауданы
Мори Қазақ автономиялық ауданы ( / ; , ) — Қытай Халық республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында 1955 жылы құрылған. Орталығы – Мори (Мулэй) қаласы жер аумағы 13515 км 2 . Қазақтардың саны – 19846 адам (1995). Мори Қазақ автономиялық ауданы шығысында Баркөл Қазақ автономиясы және Хами у-мен, оңтүстігінде Пича...
Баркөл Қазақ автономиялық ауданы
Баркөл Қазақ автономиялық ауданы ( / ; ; ) — Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Құмыл аймағының ауданы. Қытай Халық Республикасы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының Құмыл аймағына қарасты әкімшілік-аумақтық бөлік. 1954 қазанның 1-інде автономиялық аудан болып құрылған. Жер аумағы км²., халқы 89,8 мың а...
Қытайда тұратын қазақтар
Қытайда тұратын қазақтар — Қытайдағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Іле Қазақ автономиялық облысына дереу қарасты аудандары, қалалары, Алтай, Тарбағатай аймақтары, Санжы Дүңген автономиялық облысы және оның Мори Қазақ автономиялық ауданы, Құмыл аймағының Баркөл Қазақ автономиялық ауданы және Үрімжі қаласының ...
Ақсай Қазақ автономиялық ауданы
Ақсай Қазақ автономиялық ауданы — Қытай Халық Республикасының Гансу өлкесінде 1954 жылы 27 сәуірде құрылған әкімшілік аудан. Орталығы — Боложаңзы. Жер көлемі 33733 км 2 . Ауданда қазақтардан басқа қытай, ұйғыр, дүңгендер мекендейді. Қазақтар саны 2847 адам (1991 ж.). Аудан Гансу, Шыңжаң және Цинхай өлкелерінің тоғысқан...
Көрші (журнал)
«Көрші» журналы — қазақ тілінде кирил жазуымен шығатын айлық басылым, 2006 ж. наурызда жарық көрген. Шығарушы орындар: Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданы шетелдермен мәдени байланыс қоғамы, Қазақстан Ұлттық Кітапханасы жанындағы «Рух—Мирас» қоғамдық бірлестігі. Бас редакторлары: Әуелқан Қалиұлы (Қытай), Мұрат Ә...
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы  — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы. Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтары...
Ұлы Қытай қорғаны
Ұлы Қытай қорғаны (, мағынасы "ұзын қала қорғаны") — Қытайдың Миң әулеті (1368—1644) тұсында салынған қорғаныстық ұзын құрылыс. Қытай Қорғанының шығысы Ляудұңның Жолбарыс тауынан басталып, батысы Гансудағы Жяйүйгуанға дейін барады, жалпы ұзындығы 6700 км артық. VII ғ-дан ХVII ғ-ға дейінгі 1000 жылда, шамамен 10 патшалы...
Ұлы Жібек жолы
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған. Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің ...
Үрімжі
Үрімжі (, , ) – Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы‎ның орталығы, оның саяси, экономикалық, мәдениетттік орталықтары. Географиялық орналасуы Үрімжі Азия–Еуропа құрлығының кіндігіне, Тянь-Шань(Тәңір таулары) орта бөлігінің солтүстік бөктеріне, Жоңғар ойпатының оңтүстігіне орналасқан. Үрімжінің үш жағын тау қоршаға...
Куба
Куба , ресми атауы - Куба Республикасы — 1959 жылдан бастап Кариб теңізінде, Куба аралында орналасқан мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд (Пинос) және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, саны 1600-ге жуық. Құр...
Йемен
Йемен , ресми атауы — Йемен Республикасы – Арабия түбегінің Оңтүстік және Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. 1990 жылы 22 мамырда Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық Демократиялық Республикасының ерікті түрде бірігуі нәтижесінде құрылды. Жер аумағы 532 мың км2 шамасында. Халқы – 17 млн. (1999). Тұрғындар...
Ирландия
Ирландия (; ), ресми атауы — Ирланд Республикасы (; ) — Ирландия аралының көбін алып жатқан Батыс Еуропа мемлекеті. Ауданы — 70,2 мың км². Елдің аты деген сөзден шыққан. Астанасы — Дублин. Атауы 1937 жылы конституциясы бойынша мемлекет аты — "Éire, немесе, " деп бекітілген. Билігін бүкіл аралға тарату ниетімен 1949 жыл...
Жаңа Зеландия
Жаңа Зеландия (, ) — Тынық Мұхиттың оңтүстік-батыс жағында орналасқан екі (Солтүстік және Оңтүстік деп аталатын) аралдан, сонымен қатар басқа да ұсақ аралдардан (Стьюарт, Чатем, Кермадек, Кэмпбелл, т.б.) аралдарда орналасқан тәуелсіз мемлекет. Жергілікті Маори ұлты Жаңа Зеландияны Аотиароа (Ұзын Ақ Бұлт Елі) деп атайды...
Малайзия
Малайзия — Калимантан (Борнео) аралының солтүстік және Малакка түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатқан Оңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. Малайзияның солтүстігі Оңтүстік Қытай теңызімен,солтүстік шығыста Сулу және шығыста Сулавеси теңіздерінің суларымен шайылады. Малакка түбегінде Таиландпен, Калимантан аралында Индонези...
Нигерия
Нигерия , Нигерия Федеративті Республикасы (; игбо Republic ndi Naigeria; йоруба Orílẹ̀-èdè Olómìnira Àpapọ̀ ilẹ̀ Nàìjíríà; хауса Jam-huriyar Taraiyar Nijeriya; фула Republik Federaal bu Niiseriya) — Батыс Африкада Нигер өзенінің төменгі ағысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 923768 км². Халқы 174,5 млн. (2013) (хаус...
Перу
Перу (, , ), ресми атауы — Перу Республикасы ( , , ) — Оңтүстік Америка құрлығының батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1,28 млн. км², астанасы — Лима қаласы. Халқы 33,3 млн-ға жуық (2021), 50%-ын — перуліктер (испан тілді метистер, креолдар), 49%-ын үндістер, 1%-ын жапондар мен америкалықтар құрайды. Ресми ...
Сирия
Сирия (, Сурийә), ресми Сирия Араб Республикасы (, әл-Джумһурийә әл-ъАрабийә әс-Сурийә) — Батыс Азиядағы мемлекет, Таяу Шығыс елдерінің бірі. Жер аумағы 185,2 мың шаршы километр, астанасы — Дамаск қаласы. Әкімшілік жағынан 14 мухафазға (провинцияға) бөлінеді. Ақша бірлігі — Сирия фунты. 1945 жылдан Сирия — Біріккен Ұлт...
Гренландия (арал)
Гренландия — әлемдегі ең үлкен арал. Оның ерекшелігі ол толықтай дерлік мұз астында (85%), сондықтан да онық қазба байлықтары әлі толық зерттелмеген. Десе де оның жағалауы жаз бойы көгалданып тұрады, аралда кейбір өсімдіктер -20 °С температурада да гүлдене береді. Егер де Гренландия мұзы толықтай еріген болса әлемдік т...
Солтүстік Корея
{{Мемлекет Ұлттық мерекелері: * 9 қыркүйек — КХДР-дің құрылған күні, * 15 сәуір — Ким Ир Сеннің туған күні (1912 жылы, Күн мерекесі), * 16 ақпан — Ким Чен Ирдің туған күні. Ақша бірлігі — вон. Ел аумағы әкімшілік жағынан 9 провинцияға, 2 орталыққа бағынатын қалаға бөлінген. Табиғаты КХДР, негізінен, таулы ел. Солт. жағ...
Хорватия
Хорватия , ресми Хорватия Республикасы — Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Құрамына Адрия теңізіндегі аралдар (ең ірілері — Крк, Црес, Хвар, Корчула, Брач, Паг, Раб, Вис) да кіреді. Аумағы 56 538 квадрат километр. Халқы 4,7 миллион (2001), оның 78%-ы — хорваттар, 12%-ы сербтер, 1%-ы сл...
Чили
Чили (, ресми атауы — Чили Республикасы ) — Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Чилидің ұзындығы 6435 км жағалау сызығы бар және Чили теңізі деп аталатын іргелес теңіз кеңістігіне ерекше құқығы бар, оған төрт аймақ кіреді, Фумақтық сулар (120,827 км²), іргелес аймақ (131,669 км²), ерекше экономикалық аймақ (3,681,9...
Фиджи
Фиджи Республикасы (, ) — Мұхиттық аралдарда, Тынық Мұхиттың оңт.-батыс бөлігіндегі Фиджи аралдарына орналасқан мемлекет. Аумағы 18333 км2. Халқы 796 мың (1998). Халқының негізін фиджиліктер (меланезиялықтар мен полинезиялықтар – 49%), үнділер (46%), еуропалықтар (2%) құрайды. Ресми тілі – ағылшын. Дінге сенушілердің 5...
Уругвай
Уругвай , Шығыс Уругвай Республикасы — Оңтүстік Америкадағы мемлекет. Солтүстігінде Бразилиямен, батысында Аргентинамен, шығысы мен оңтүстігінде Атлант мұхитымен шектеседі. Құрлық шекараларының ұзындығы 1564 км, жағалау сызығы 660 км. БҰҰ, МЕРКОСУР, ДСҰ мүшесі. Унитарлық мемлекет. Астанасы-Монтевидео қаласы. Уругвай Чи...
Сербия
Сербия , ресми Сербия Республикасы — Еуропадағы Балқан түбегінде орналасқан ел. Халқы-8, 698 млн. адам. Сербия Конституциясына сәйкес оның құрамына екі автономиялық провинция кіреді Воеводина, сонымен қатар Косово және Метохия. 1999 жылдан бастап Косово БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1244 қарарына сәйкес БҰҰ-ның протекторат...
Сальвадор
Сальвадор, ресми атауы — Эль-Сальвадор Республикасы — Орталық Америкада орналасқан мемлекет. * Жер аумағы — 21 041 км² * Астанасы — Сан-Сальвадор қаласы. * Халқы 303,1 млн. Оның ішінде — 109%-ын — метистер, 10%-ын үндістер, 1%-ын еуропалықтар құрайды. * Ресми тілі — испан тілі, жергілікті тілдерден нахуатль тілі кең қо...
Словения
Словения , ресми атауы — Словения Республикасы — Орталық Еуропаның оңтүстігінде орналасқан Альпі маңы мемлекеті. Батысында – Италиямен, солтүстігінде – Аустриямен, солтүстік-шығысында – Мажарстамен, шығыс пен оңтүстігінде – Хорватиямен шекаралас, ал оңтүстік-шығысында Адриат теңізіне тікелей шығады. Мемлекеттің атауы с...